iTest-тің тегін қосымшасы

09 Мау 2016
Жаңалықтар

iTest-тің тегін қосымшасы

iTest-тің тегін қосымшасы
586

iTest.kz виртуалды жаттықтырғышы жоғары оқу орнына түсуді мақсат еткен түлектердің ҰБТ-ға өз бетінше дербес дайындалуына көмекші құрал ретінде жасалған. Қосымшада тест сұрақтары екі тілде берілген, дайындалушы қажетті тілді өзі таңдайды. Мұнда талапкер тапсырған тестінің нәтижесін біліп қана қоймай, берген жауаптарының дұрыс нұсқасының түсіндірмесін және есептері шешімін көре алады. Сайттың тағы бір артықшылығы мұнда тапсырмақ тест сұрақтары тақырыптарының мазмұнына қатысты қысқаша конспект үлгілері қоса беріліп отырады.

Сайтты жасаушылар бұл жылы талапкерлердің кез келген жерде еркін кіріп, кідіріссіз дайындалуына мүмкіндік туғызу мақсатында iTest-тің  Android және iPhone-ға арналған қосымшасын жасап шығарды. Интерфейсінің қарапайымдылығы, тест жинағының жаңартылған, 2016 жылғы тест сұрақтары да қамтылған базасы, көлденең жарнамалардың жоқтығы аса ыңғайлылық туғызғандықтан, қосымша пайдаланушылар мен мамандар тарапынан жоғары бағаланды.

Қосымшада белгілі бір пән (13 пәннің тест сұрақтары енгізілген) тестін, сондай-ақ негізгі 4 пән және қосымша таңдау пәні бойынша толыққанды ҰБТ тестін тапсыруға да болады.

Қосымшаны iTest.kz сайтына жазылған кез келген жазылушы және ҰБТ-ға дайындалуға ниеттенген кез келген оқушы пайдалана алады (бұл үшін қосымшадағы тіркеуден өтуі тиіс).

Алдағы уақытта қосымшада жаңа қызметтер жүйесі: тестілеу нәтижесінің толық есебін алу қызметі мен жобаның дербес блогы іске қосылмақ.

Ең бастысы, iTest қосымшасы кез келген жерде, кез келген уақытта өмірлік маңызы зор емтиханға дербес те еркін дайындалуға мүмкіндік береді.