• Басты
  •   Блог
  •   «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары

14 Сәу 2016
Байқау

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының жеңімпаздары
1462

Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырған «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы 2015 жылдың 2 қазаны мен 2016 жылдың 15 ақпаны аралығында өтті. Екі кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңіне еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам мұғалімнің жұмысы келіп түсті. Оның 131-і ғана байқаудың екінші кезеңіне өтті.

Тәуелсіз сарапшылар кәсіби шеберлігімен танылған, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен білім берудің озық үлгісін көрсеткен және www.bilimland.kz ресурстарын сабақ барысында бірегей амалмен пайдалана білген мұғалімдерді жеңімпаз ретінде анықтады.

1-орын 
 
Конкурс
1-орын
Сүйрібаев Бақытбай
Маңғыстау обл., Жаңаөзен қ., Теңге ауылы
Мектеп:
№11 ЖББМ МКМ
Еңбек өтілі:
15 жыл
Пән:
физика и информатика
Тақырып:
Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары.

Сарапшылар бірауыздан сабақ барысында оқушылардың танымдық белсенділігі мен дербес жұмыс істей білуі жоғары деңгейде болған, оқытудың өзіндік үлгісін танытқан (қолданылған әдістер мен тәсілдердің ерекшелігі) Сүйрібаев Бақытбайдың жұмысын 1-орынға лайық деп шешті. Сондай-ақ сарапшылар оның байқау жұмысының креативтілігі мен шығармашылық сонылығына жоғары баға берді.

 

Видеосабақ
2-орын 
 
Конкурс
2-орын
Аширова Дамира Хамитқызы
Жамбыл облысы, Тараз қ.
Мектеп:
ФМБ НЗМ
Еңбек өтілі:
13 жыл
Пән:
Химия
Тақырып:
Алкандардың жануы. Жанудың энтальпиясы.
 

2-орын иегері ретінде педагогикалық техникасының ерекшелігімен көзге түскен, оқытудың дәстүрлі және инновациялық әдіс-тәсілдерін шебер ұштастыра білген, оқушылармен педагогикалық тұрғыда қарым-қатынас жасаудың айрықша үлгісін көрсеткен химия пәнінің оқытушысы Аширова Дамира Хамитқызы танылды.

 

Видеосабақ
3-орын 
 
Конкурс
3-орын
Мұқашева Жазира
Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылы.
Мектеп:
№45 мектеп-гимназия
Еңбек өтілі:
24 жыл
Пән:
Бастауыш сынып мұғалімі
Тақырып:
Қосмекенділер

3-орын иегері – бастауыш сынып мұғалімі Мұқашева Жазира. Сарапшылар оны бастауыш сынып оқушыларына сабақ беру барысында жұмыс түрлерінің әртүрлі формасын мақсатты түрде қолданып, оқыту әдістерінің жоғары нәтижелілігін көрсеткені және оқушылардың дербес жұмыс істей білуін ерекше әдіспен ұйымдастыра білгені үшін жоғары бағалады.

 

Видеосабақ

Үркінбаев Серік Жолдасбайұлы

BilimLand.kz онлайн ресурстарының үйлестірушісі