Жыл қорытындысы

30 Жел 2015
Жаңалықтар

Жыл қорытындысы

Жыл қорытындысы
1531

Bilim Media Group – білім беруші электронды ресурстарды жасаумен, дамытумен және Республика аумағында таратумен айналысатын инновациялық компания. Әлемдегі болып жатқан экономикалық дағдарыс компания жұмысына ықпалын тигізбей қойған жоқ. 2015 жыл компания үшін қиын-қыстау жыл болды. Дегенмен кездескен қиындыққа қарамастан, компания жұмысын тоқтатпай, жыл басындағы межелеген жоспарының үдесінен шығып, біраз жетістікке жетті.
Әртүрлі жастағы балаларды оқытуға арналған курстар кешенін ұсынатын, қазақ, орыс және ағылшын тілінде бірдей жұмыс істейтін білім беруші Bilimland.kz порталы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырады. Биыл портал онлайн сабақтардың бірегей интерактивті кешенімен: математика, физика және химия пәндері курстарымен, сондай-ақ қазақ тілін үйренушілерге арналған «Қазақ тілі» курсымен және білім беретін, балалардың танымдық ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізер видеороликтер топтастырылған «Білім беруші» фильмдер жинағымен толықты.

Осы жылы біздің ҰБТ және АКТ-ге дайындауға арналған iTest.kz онлайн жаттықтырғышы жоғары бағаға ие болып, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы сарапшыларының тарапынан оң қорытынды бағасын алды.

2015 жылы Bilimland.kz ресурсына жазылудың өсім көрсеткіші көтеріліп, қолданушылар саны артты. Маңғыстау, Алматы және Қарағанды облыстарының мектептері біздің тұрақты қолданушыларымыз ретінде (49 000-нан астам жаңа аккаунт) тіркелді. Біз ресурстарымызға жазылу кезінде әрқашан техникалық және методикалық тұрғыдан қолдау көрсетеміз: интернетке кіру қиындығы туған жағдайда компания біздің ресурстарымызға үздіксіз кіріп, пайдалануға мүмкіндік беретін тұрақты BilimBox кешенін ұсынады; компаниядағы кәсіби тренерлер сайттың мүмкіндіктері мен оқыту барысында ресурстарды қолдана білу жөнінде қазақ және орыс тілінде жүйелі түрде тренингтер мен вебинарлар өткізіп тұрады (2015 жылы өткізілген вебинарлар саны 70-тен асты, Алматы облысының 11 ауданы мектептерінде тренингтер өткізілді).

Ерекше атап өтер жайт, 2015 жылы компания Астана қалалық білім беру басқармасымен бірлікте Астана қаласында «Astana Bilim Lab» ресурстық орталығын ашты. Сондай-ақ осы жылы мұғалімдерге арналған «Жаңашыл мұғалім» байқауы өткізілді. «Astana Bilim Lab» ресурстық орталығы маусым айында ашылды. Оның негізгі мақсаты Астана қаласындағы мектеп мұғалімдері үшін білім беруде ИКТ-ні қолдана білу бойынша семинарлар мен тренингтер өткізу болып саналады. Орталық ашылғалы бері 1000-нан аса білім беру ісінің қызметкері курстан өтіп, оқып шықты.
«Жаңашыл мұғалім» конкурсының бірінші байқауы 2015 жылдың көктем айында өткен болатын. Байқау қорытындысында үш аталым: “Үздік видео”, “Үздік презентация” және “Үздік сабақ жоспары” бойынша 12 жеңімпаз анықталды. Екінші «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы 2 қазанда басталып, әлі де жалғасуда. Байқау жұмыстарын қабылдау 2016 жылдың 15 ақпанында тоқтатылады. Бұл байқаудың бірінші байқаудан айырмашылығы – байқауға қатысуға өтінімнің әлдеқайда көп келіп түсуінде және байқау талаптарына сай жұмыстардың кәсіби тұрғыдан жоғары деңгейде болуында. Ұйымдастырушылар байқаудың бірінші кезеңінен өткен қатысушыларға шығармашылық шабыт тілейді және жұмыстарын асыға күтеді.

Құрметті мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар, Bilim Media Group командасының жұмысы тек Сіздерге арналады. Біз Сіздердің білім беруші сайтқа деген ықылас-пейілдеріңізді жоғары бағалаймыз. Жаңа жыл қарсаңында Біз барлығыңызды мерекемен құттықтаймыз. Жаңа жылда мықты денсаулық, жетістіктер мен шығармашылық табыстар тілейміз және әрқашанда бізбен бірге болып, еліміздің ертеңі болар балалардың білімі кемел, өресі биік болуына атсалысыңыздар дейміз.


Татьяна Альбертовна Сарсенова 

BilimLand.kz онлайн ресурсы үйлестірушісі