• Басты
  •   Блог
  •   «Жаңашыл мұғалім – 2016» байқауы жалғасуда!

«Жаңашыл мұғалім – 2016» байқауы жалғасуда!

18 Жел 2015
Байқау

«Жаңашыл мұғалім – 2016» байқауы жалғасуда!

«Жаңашыл мұғалім – 2016» байқауы жалғасуда!
3950

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы 2015 жылдың 2 қазанында басталған болатын. Байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам мұғалім өтінім білдірді. Байқау жұмыстары мұғалімдердің сабақ беретін пәндерінің ерекшеліктеріне сәйкес үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жіберілген. Құзыретті жюри мүшелері келіп түскен байқау жұмыстарын екінші кезеңге жіберу үшін сараптағанда, қатысушылар жұмыстарының бірегейлігі мен байқау шарттарында көрсетілген талаптарға сай болуына баса мән берді.

Біз байқауға белсенді қатысып, білім беруші bilimland.kz сайты ресурстарын оқыту барысында өзіндік талғаммен өзінше түрлендіре қолданған байқау қатысушыларына шексіз алғысымызды білдіреміз. Енді байқаудың бірінші кезеңі сұрыптауынан өткен жұмыс авторларын екінші кезеңге қатысуға шақырамыз.

Байқаудың екінші кезеңі 2015 жылдың 20 желтоқсанында басталып, 2016 жылдың 15 ақпанында аяқталады. Байқау қатысушылары өз жұмыстарын видео үлгісінде: өзі туралы бейнебаян (ұзақтығы 30 секундтан аспайтын видеоролик) мен бір сабақтың видеосын түсіріп, жіберуі тиіс. Бірінші кезеңдегі жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезеңде де сақталады: білім беруде АКТ-ны қолдана білу, педагогтың шығармашылық әлеуеті, сабақ беру барысында BilimLand.kz   ресурстарын тиімді пайдалану шарттары толықтай сақталуы тиіс.

Біз Сіздің жұмысыңызды асыға күтеміз!

Байқау жұмыстарын осы жерде жүктей аласыз:

2-кезең

Еске сала кетсек, Байқаудың жалпы жүлде қоры - 1 000 000 теңге:

Бірінші орын - 500 000 теңге

Екінші орын - 350 000 теңге

Үшінші орын - 150 000 теңге

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен ақашалай сыйлықтар табысталады. Ал келесі 10 үздік жұмыс иесіне байқауға қатысқандығы жөнінде сертификат пен білім беруші BilimLand.kz порталына жарты жылға тегін жазылу мүмкіндігі беріледі.

Екінші кезеңге өткен барлық қатысушының электронды пошталарына компания атынан Алғыс хат жіберіледі.

 

Байқау қатысушыларына шығармашылық шабыт пен әділ жеңіс тілейміз!


 Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурсы үйлестірушісі